Доллар бағасы көтерілді

/
Доллар бағасы көтерілді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (Қазақстан қор биржасы) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 491,68 теңге болып, 2,06 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 12 наурызға белгілеген доллардың ресми бағамы 489,39 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 491,02 теңге, ал сату бағамы 493,18 теңге.

Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 488 теңгеден сатып алып, 495 теңгеден сатады.

Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 490,57 теңгеден сатып алып, 492,59 теңгеден сатады.

Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша:

2 наурызда доллардың орташа өлшенген бағамы 4,91 теңгеге өсті,

3 наурызда 3,54 теңгеге төмендеді,

4 наурызда 1,31 теңгеге өсті,

5 наурызда 6,13 теңгеге төмендеді,

6 наурызда 0,62 теңгеге өсті,

10 наурызда 2,25 теңгеге төмендеді,

11 наурызда 1,57 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары