Биржада доллар арзандады

/
Биржада доллар арзандады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,57 теңгеге төмендеп, 489,39 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 11 наурызға белгіленген ресми доллар бағамы – 491,59 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 489,73 теңге, сату бағамы – 491,99 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 487,97 теңгеден сатып алып, 494,97 теңгеден сатуда. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 489,78 теңгеден сатып алып, 491,83 теңгеден сатуда.

Еске салайық, 2 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 4,91 теңгеге өсті, 3 наурызда 3,54 теңгеге төмендеді, 4 наурызда 1,31 теңгеге өсті, 5 наурызда 6,13 теңгеге төмендеді, 6 наурызда 0,62 теңгеге өсті, ал 10 наурызда 2,25 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары