Доллар бағасы 504 теңгеден төмен түсті

/
Доллар бағасы 504 теңгеден төмен түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 503,89 теңгені құрап, 4,07 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің 3 желтоқсандағы ресми доллар бағамы – 508,2 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 504,75 теңге, сату бағамы – 507,04 теңге. Астана қаласында доллар орта есеппен 502,51 теңгеге сатып алынып, 509,51 теңгеге сатылып жатыр. Шымкентте долларды орта есеппен 503,68 теңгеге сатып алып, 505,89 теңгеге сатады.

Еске салайық, 24 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,05 теңгеге өссе, 25 қарашада 1,52 теңгеге төмендеді, 26 қарашада 0,25 теңгеге өсті, 27 қарашада 1,75 теңгеге төмендеді, 28 қарашада 4,25 теңгеге арзандады, 1 желтоқсанда 0,88 теңгеге қымбаттады, 2 желтоқсанда 4,8 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары