Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ӘҚБтК 127-бабының 2-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азаматша С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Істің мән-жайына сәйкес азаматша С.-ның ұлы – Жаңатас қаласының мектеп-гимназиясының кәмелетке толмаған оқушысы, ағылшын тілі мұғалімінің сыныпқа екінші сабаққа бару туралы өтінішіне дөрекілікпен жауап берген, сабаққа барудан бас тартқан, оның атына былапыт сөздер айтқан. Осыған байланысты оның анасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Сот сонымен қатар жыл басында азамат С. ұлының осындай әрекеті үшін жауапқа тартылғанын анықтады.
ӘҚБтК 127-бабы 2-бөлігінің санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Сотта С. кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап және болашақта мұндай оқиғалардың алдын алуға уәде берді.
Сот кінәні мойындауын, отбасылық және материалдық жағдайын ескере отырып, айыппұл сомасын 30%-ға азайтты.
Сот қаулысымен С. ӘҚБтК 127-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 41 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.