Доллар тағы арзандады

/
Доллар тағы арзандады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 518,4 теңгені құрап, 1,52 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 25 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 519,98 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа есеппен 518,7 теңгені, сату – 520,49 теңгені құрайды. Астанада долларды орташа сатып алу бағасы 517,46 теңге, сату бағасы – 522,46 теңге. Шымкентте долларды сатып алу орташа 518,31 теңге болса, сату – 520,35 теңге.

Еске салайық, 17 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,37 теңгеге өскен, 18 қарашада – 2,63 теңгеге, 19 қарашада – 1,47 теңгеге, 20 қарашада – 0,98 теңгеге төмендеген. 21 қарашада – 0,37 теңгеге, 24 қарашада – 1,05 теңгеге көтерілген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары