Эквадорда түрмеде бүлік шығып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ел билігі Мачала қаласындағы түзеу мекемесінде 31 тұтқынның мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл ақпаратты 10 қараша күні еркінен айырылған ересектер мен кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға кешенді көмек көрсету жөніндегі ұлттық қызметтің (SNAI) баспасөз қызметі растады.
Ведомство мәліметінше, бастапқыда тергеу барысында төрт адамның мәйіті табылған, алайда кейін қаза тапқандардың саны күрт артқан.
«Қазіргі уақытта 27 тұтқынның қаза тапқаны туралы хабарланып отыр», — делінген X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен SNAI мамандары жұмысын жалғастыруда.
Билік оқиғаны мұқият тергеп, тәртіпті қалпына келтіруге уәде берді.