Алматыда автобусқа тапанша кезенген жасөспірімнің әрекеті жұртты шошытты

/
Алматыда автобусқа тапанша кезенген жасөспірімнің әрекеті жұртты шошытты
видеодан скриншот

Алматыда қозғалыстағы автокөліктен қоғамдық автобусқа қарай тапаншаға ұқсас зат кезенген жолаушының әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Оқиғаға байланысты полиция тексеру жүргізіп, көлік жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада жеңіл автокөліктегі жолаушының қоғамдық көлікке қарай тапаншаға ұқсас затты бағыттағаны байқалады. Бұл әрекет желі қолданушыларының назарын аударып, оқиғаға құқық қорғау органдары араласқан.

Полиция мәліметінше, жағдай 27 қазанда сағат 15:45 шамасында Алматы қаласындағы Райымбек даңғылы мен Жетісу көшесінің қиылысында болған. Тәртіп сақшылары бейнежазбаны зерделеп, автокөлік иесінің жеке басын анықтады.

Көлікке жүргізілген тексеру барысында тапаншаға ұқсас заттың шынайы қару емес, пластик ойыншық екені белгілі болды.

"Көлікті тексеру кезінде ойыншық пластик тапанша табылды. Көлік салонында болған жүргізушінің кәмелетке толмаған ұлы осы затпен ойнағаны анықталды", – деп хабарлады полиция.

Тексеру кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі де анықталған.

Полицияның мәліметінше, көлік қозғалып бара жатқан уақытта жолаушылардың бірі салоннан сыртқа шығып тұрған. Осыған байланысты жүргізуші жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары