Ақмола облысында досымен бірге вагон үстіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

/
Ақмола облысында досымен бірге вагон үстіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты
pexels.com

Ақмола облысында теміржол вагонының үстіне шыққан жасөспірімді электр тогы соғып, ауыр жарақат алды. Оның денесінің 70 пайызын күйік шалған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Ақмола облысының Шортанды кентінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жасөспірім теміржол вагонының үстіне шыққан. Сол кезде олардың бірін жоғары кернеулі электр тогы соққан.

Салдарынан бала ауыр күйік жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккен жасөспірім Шортанды аудандық ауруханасына жатқызылды. Ал қасында болған екінші бала оқиғадан кейін үйіне өздігінен оралған.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі болған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Кәмелетке толмағандардың бірі Шортанды аудандық ауруханасына жатқызылды. Екінші бала үйіне өз бетінше оралды", – деп хабарлады ведомство.

Аталған дерек бойынша Астана-1 станциясындағы көліктегі полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, жасөспірімдердің вагон үстіне қандай жағдайда шыққаны және оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр. Зардап шеккен баланың қазіргі денсаулық жағдайына қатысты қосымша мәлімет жарияланған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары