Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 538,11 теңге болып, 0,46 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен 2025 жылғы 23 қазанға арналған ресми доллар бағамы – 538,53 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 538,25 теңге, сату бағамы – 539,98 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 537,44 теңгеден сатып алып, 543,44 теңгеден сатады.
Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 537,94 теңгеден сатып алып, 539,98 теңгеден сатады.
Еске салайық, 20 қазан күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,64 теңгеге, 21 қазанда – 0,47 теңгеге көтерілсе, 22 қазанда 0,08 теңгеге төмендеген болатын.