Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 539,56 теңгені құрап, 0,63 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық Банктің 2025 жылғы 15 қазанға арналған ресми бағамы — 538,63 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 539,24 теңге, сату бағамы – 541,22 теңге. Астанада доллар орташа есеппен 537,72 теңгеден сатып алынып, 543,72 теңгеден сатылуда.
Еске салайық, 13 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,16 теңгеге төмендесе, 14 қазанда 0,92 теңгеге өскен болатын.