Биржада доллар бағасы 538 теңгеден төмен түсті

/
Биржада доллар бағасы 538 теңгеден төмен түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 537,77 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,16 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің 13 қазанға арналған ресми бағамы – 539,06 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 538,71 теңге, сату бағамы – 540,77 теңге. Астанада долларды орта есеппен 536,61 теңгеге сатып алып, 542,61 теңгеге сатады.

Еске салайық, 6 қазандағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,79 теңгеге төмендеген, 7 қазанда – 3,63 теңгеге, 8 қазанда – 1,39 теңгеге төмендеген. Ал 9 қазанда 1,46 теңгеге көтеріліп, 10 қазанда тағы 2,45 теңгеге төмендеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары