Биржада доллар бағасы 539 теңгеге дейін түсті

/
Биржада доллар бағасы 539 теңгеге дейін түсті
istockphoto.com

Доллар бағамы демалыс күндерінің қарсаңында 539 теңгеге дейін төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан қор биржасындағы 10 қазан күнгі сауда қорытындысы бойынша доллардың бағамы 539,06 теңге болды. Бір тәулік ішінде ол 2,45 теңгеге арзандады.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде орташа валюта бағамдары төмендегідей белгіленген:

доллар: сатып алу – 539,5–540 теңге, сату – 541–542,5 теңге;

еуро: сатып алу – 622–623 теңге, сату – 626–627 теңге;

рубль: сатып алу – 6,54–6,57 теңге, сату – 6,65–6,67 теңге.

ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 64,6 долларды құрады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары