Биржада доллар бағасы арзандады

/
Биржада доллар бағасы арзандады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 541,63 теңге болып, 3,63 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2025 жылғы 7 қазанға арналған ресми доллар бағамы 545,67 теңге болып белгіленді.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 542,09 теңге, ал сату бағамы – 544,54 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 539,66 теңгеге сатып алып, 546,47 теңгеге сатады.

Еске сала кетсек, күндізгі сауда қорытындысы бойынша:

29 қыркүйекте доллардың орташа бағамы 4,34 теңгеге өсті,

30 қыркүйекте – 0,29 теңгеге,

1 қазанда – 0,08 теңгеге өсті,

2 қазанда – 1,95 теңгеге төмендеді,

3 қазанда – 0,58 теңгеге өсті,

6 қазанда – 1,79 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары