Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағасы 550 теңгеден асты

/
Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағасы 550 теңгеден асты
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа сараланған бағамы 548,79 теңгені құрап, 4,34 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 29 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 544,26 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 546,14 теңге, сату бағамы – 548,24 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 544,4 теңгеден сатып алып, 549,4 теңгеден сатып жатыр.

Еске сала кетсек, 22 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,33 теңгеге өсті, 23 қыркүйекте – 2,08 теңгеге көтерілді, 24 қыркүйекте – 2,11 теңгеге төмендеді, 25 қыркүйекте – 0,92 теңгеге төмендеді, ал 26 қыркүйекте – 2,45 теңгеге өсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары