Биржада доллар бағасы түсіп жатыр

/
Биржада доллар бағасы түсіп жатыр
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 541,68 теңгені құрап, 0,92 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 25 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 542,8 теңге.

Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 542,33 теңге, сату бағамы – 544,06 теңге.
Астанадағы айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 540,78 теңгеден сатып алынып, 545,78 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салсақ, күндізгі сауда қорытындысы бойынша 22 қыркүйекте доллардың орташа өлшенген бағамы 1,33 теңгеге, 23 қыркүйекте 2,08 теңгеге өскен, ал 24 қыркүйекте 2,11 теңгеге төмендеген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары