Биржада доллар бағасы тағы да өсті

/
Биржада доллар бағасы тағы да өсті
istockphoto.com

22 қыркүйекте Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 542,67 теңгені құрады. Жұма күннен бері ол 1,33 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандағы айырбастау пунктерінде орташа есеппен мынадай валюта бағамдары белгіленген:

доллар: сатып алу – 542,5-543,5 теңге, сату – 544-544,5 теңге;

еуро: сатып алу – 636-638 теңге, сату – 639-641 теңге;

рубль: сатып алу – 6,35-6,4 теңге, сату – 6,48-6,55 теңге.

ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің бағасы барреліне 66,4 долларды құрайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары