«Жеңіс» шыңында қалған ресейлік альпинисті құтқару жұмыстары ресми түрде тоқтатылды

/
«Жеңіс» шыңында қалған ресейлік  альпинисті құтқару жұмыстары ресми түрде тоқтатылды

Қырғызстан альпинизм федерациясының президенті Эдуард Кубатовтың хабарлауынша, дрон арқылы қайта тексеру кезінде альпинист Наталья Наговицынадан тіршілік белгілері анықталмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған байланысты барлық құтқару операциялары ресми түрде тоқтатылды.

Кубатовтың айтуынша, спортшының денесін таудан тек 2026 жылдың көктемінде ғана түсіру мүмкін болады, өйткені ауа райы жағдайы мен биіктіктің күрделілігі бұған дейін мүмкіндік бермейді.

Еске салайық, 12 тамыз күні Наталья Наговицына «Жеңіс» шыңынан түсу кезінде аяғын сындырып, шамамен 7 100 метр биіктікте қалып қойған еді. Қолайсыз ауа райы мен аса қауіпті биіктік құтқарушыларға оған жетуге мүмкіндік бермеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары