Қазақстан мен Түркия Президенттері келіссөз жүргізді

/
Қазақстан мен Түркия Президенттері келіссөз жүргізді
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын жан-жақты талқылады.

Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Түркия Президентіне алғыс айтты.

Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға дайын екенін растады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары