Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Анхель Хиль Маринді Қазақстанда футболдың дамуына қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді Ақордада қабылдады. Кездесуде Президент «Атлетико Мадрид» футбол клубымен табысты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.