Президент Қазақстан халқына Жолдауын 28 қазанда жариялайтынын мәлімдеді

/
Президент Қазақстан халқына Жолдауын 28 қазанда жариялайтынын мәлімдеді
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауының нақты күнін жариялады. Мемлекет басшысы 28 қазанда Қазақстан халқына үн қатып, маңызды құжатты таныстыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қазанда X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

Президенттің айтуынша, жыл сайынғы дәстүрге сәйкес Жолдау қазан айының соңында жарияланады.

"28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын", – деп жазды Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар