Президент телекөпір арқылы Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты

/
Президент телекөпір арқылы Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты
Ақорда

Мемлекет басшысы мыс балқыту зауытын тұтас ел экономикасының өркендеуіне тың серпін беретін аса маңызды жобаның бірі деп атады, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Тау-кен металлургиясы мемлекетіміз үшін стратегиялық маңызы зор сала екені белгілі. Мен былтыр халыққа Жолдауымда осы мәселеге арнайы тоқталдым, нақты міндеттерді айқындадым. Сондықтан жаңа зауыттың құрылысын осы бағытта істеліп жатқан белсенді жұмыстың нәтижесі деп айтуға болады. Баршаңызға мәлім, бүгінде Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, тарихи өрлеу дәуіріне сеніммен қадам басты. Біз біртұтас әрі жасампаз жұрт болып аса ауқымды реформаларды табысты жүзеге асырып жатырмыз. Ең бастысы, жарқын болашағымызға бағдар болатын Конституциямызды қабылдадық. Конституцияда ұлтымыздың мызғымас құндылықтары мен қағидаттары толық көрініс тапты. Азаматтардың әл-ауқатын арттыру стратегиялық міндет ретінде айқындалды. Осындай өндірістік жобалар, ең алдымен, еліміздің игілігін арттыруды көздейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар