Жаһандық бастамалар елі

/
Жаһандық бастамалар елі

Иә, қазір Қазақстанды әлемнің біраз жерінде осылай атайды. Себебі еліміз өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері ж­а­һан­дық маңызы бар істерге мұрын­дық болып келеді.

Ең алдымен, ядролық арсеналдан бас тарту арқылы әлемді бейбіт даму мен татулыққа шақырды. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылы 23 мамырда Қазақстан Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қарудан толық бас тартуға міндеттеме алды. Ал 2006 жылы  Қазақстан, Қыр­ғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан бірігіп, Орталық Азия­ны ядролық қарудан азат аймақ деп жариялады. Сондай-ақ ядролық қаруды таратпау режимін ны­ғайту бойынша БҰҰ мінберінде бірнеше рет бастама көтерді Бұл шешімдердің бәрі де халықаралық қауымдастық тара­пынан жоғары бағаланған болатын. Одан бергі жерде де еліміз халық­аралық дәрежедегі небір игі бастама­ларды көтеріп, өзінің әлемде тыныш­тық орта­туға, демократиялық бағытта дамуға мүдделі ел екенін таныту-
да.
Әлем халықтары көптеген діни сенімді ұстанатыны белгілі, сондықтан наным-сенім мәселесі бойынша келіспеушіліктер болып тұрады. Осыны реттеу үшін Қазақстан діни толерант­тылық пен бейбітшілік диалогын дамытуға бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съез­ін 2003 жылдан бастап еліміздің бас қаласы – Астанада өткізіп келеді. Ол да халықаралық деңгейде құпталған қадам болды.
Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті сақтау жолында да көшбасшылық танытуда. Мысалы, Қазақстанның баста­масымен 1992 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) құрылған болатын, қазір оған Азиядағы 27 ел мүше болып отыр. 
Міне осылай әлемдік саясатта өз орны бар екенін Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде алғаш рет БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүше (2017-2018) мәртебесіне ие болды.
Қазақстанның ұстанымына адал­дығы жай мәселе көтерумен ғана емес, нақты істе көрінеді. Мәселен, Сирия мәселесін шешу үшін Астана процесі платформасын ұсынып, оның жүзеге асуы әлем назарын бұрып, жақсылыққа үміттендірді. Сондай-ақ Ресей мен Украина, Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстарды Қазақстан әрдайым бейбіт дипломиялық жолмен реттеу қажет деген ұстаным білдірді.
БҰҰ аясында Қазақстан әскерилері бітімгерші әскери контингенттерге қатысып жүр. Осыған орай, 2000 жылы Қазақстандық бітімгершілік ротасы (Kazbat, кейін Kazbrig) құрылған. бүгін­де рота Біріккен Ұлттар Ұйымының мис­сия­лары­на қатысуға даярланған арнайы дайындықтан өткен құрылым болып саналады.

А.Жұмағалиұлы

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары