LRT екі аптада 1 миллион жолаушыны тасымалдады

/
LRT екі аптада 1 миллион жолаушыны тасымалдады
Фото: Астана әкімдігі

LRT-ға күн сайын шамамен 75 мыңға дейін жолаушы мінеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Оның сөзінше, LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жолаушылар ағыны 1 млн адамға жетті. Күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды.

— Бұл көрсеткіш қалалық рельсті көліктің жаңа түрі елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді. LRT-ны белсенді пайдаланып, жаңа көлік жүйесіне сенім артқаны әрі инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін жолаушыларға алғысымды білдіремін, — деді Жеңіс Қасымбек.

Әкім атап өткендей, Қосшы бағытындағы LRT-ның екінші кезеңі қолға алынды.

— LRT-ның Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңін іске асыру жұмысы басталды. Жобаның жүзеге асуы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді, — деп жазды шаһар басшыс Instagram-дағы парақшасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары