Соңғы сурет: Ұлыбританияда жаңа өмір бастамақ болған ерлі-зайыпты дәрігерлер ұшақ апатында қаза тапты

/
Соңғы сурет: Ұлыбританияда жаңа өмір бастамақ болған ерлі-зайыпты дәрігерлер ұшақ апатында қаза тапты
ашық дереккөзден

Үндістандағы әуе апатында қайтыс болған ерлі-зайыпты дәрігерлердің туысы олардың ұшақ ішінде түсірген соңғы суретін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz The Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Лондонда жұмыс істеген дәрігер Коми Вьяс Үндістанда тұратын отбасын көшіріп алу үшін бірнеше күн бұрын еліне ұшып келген. Оның әйелі жуырда Лондоннан жұмысқа шақырту алған.

Ұлыбританияда жаңа өмір бастау үшін 8 жастағы қызы және 5 жастағы егіз балаларымен бірге ол ұшаққа мінген олар туыстарына «Жаңа бастау» деп жазып, отбасылық суретін жіберген.  

Еске сала кетейік, 242 жолаушы мінген Air India әуе компаниясының ұшағы Үндістанның батысындағы Ахмадабад қаласынан ұшып шығып, 32 секундтан соң дәрігерлер жатақханасына құлаған болатын. Air India басында 242 адамнан ешкім аман қалмады деп хабарлаған-тын. Алайда кейін белгілі болғандай 38 жастағы британдық Рамеш Висвашкумар тірі қалғаны анықталды.

«Айналамда мүрделер жатты. Қорқып кеттім. Орнымнан тұрып, жүгіре бастадым. Әр жерде ұшақ қалдықтары шашылып жатқаны есімде», — дейді Рамеш.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары