Семей тұрғыны медицина қызметкерін балағаттағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот материалына сәйкес, биыл 24 қазанда ер адам қалалық аурухананың неврология бөлімінде медицина қызметкерінің ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Дәрігердің ескертуіне де, заңды талаптарына да құлақ аспаған.
Судья әкімшілік жаза тағайындау кезінде құқық бұзушылықтың сипатын, істің мән-жайын және сотталушының жеке басына қатысты деректерді, соның ішінде бұрын әкімшілік жауапқа тартылғанын ескерді. Сот оны кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын кесті.