50 жасқа толып, мерейтойлыық концертін берген Досымжан Таңатаров Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына сұқбат беріп, концертіне неліктен Нұрғали Нүсіпжановты шақырғанын түсіндірді.
Бұл әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Таңатаровтың соңғы 10 жылда берген концерті, деп жазады nur.kz.
"Нұрғали Нүсіпжанов ағамызды арнайы алып келдік. Биыл сахнада жүргеніне 70 жыл болады. Енді 90-ды алқымдаған кісі. Сондай артында мұра. Жай ғана жеткен жоқ. 90-ға анандай мұрамен, бүткіл қазақ энциклопедиясын әнмен толтырған, ұлылардың алдынан өткен асылдың сынығы ғой. Идеологияға қарай болыстым. Біз де ертең сол жасқа келеміз. Бізді де інілер қадірлесін, құрметтесін. Осындай мақсатпен ағамды шақырдым. Құдайға шүкір, басқа замандастарым, іні-қарындастарымыз өнердегі, қаншама адамдар болды. Бірақ ана кісі келгені, жай сахнаның кіргеннің өзіне, халық орнынан тік тұрып шапалақ ұрды", - деді ол.