Испания мен Португалия аумағының басым бөлігі жарықсыз қалды. Куәгерлер бұл жағдайды «апокалипсис туралы фильмнің басталуына ұқсайды» деп сипаттады.
Күшті күн дауылы бүкіл аймақтың электр жүйесіне әсер еткен. Соның салдарынан мобильді интернет істемей қалды – 4G алғашқы сағаттарда ғана ұстап, кейін тек SMS-хабарламалар ғана жіберілетін болды. Көлік қозғалысы тоқтады: жолдарда кептеліс, метро мен пойыздар жүрмей қалды, жолаушылар темір жол бойымен жаяу жүріп шығуға мәжбүр болды. Офистер босап қалды.
Дегенмен, жергілікті халық сабыр сақтап, жағдайға бейімделе білді. Көше бойына шығып, дүкеннен сусын сатып алып, серуендеп, жай ғана демалып жүргендер көп. Ал түнде жарықсыз қаланың аспанынан жұлдыздар анық көрінетін болады.