сейсенбі, 15 сәуір, 2025

Түркияда қуатты жер сілкінісі болды

/
Ашық дереккөзден

Түркияның солтүстік-шығысындағы Гюмюшхане қаласында магнитудасы 4.2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар және апаттардың салдарын жою агенттігі (AFAD) мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, жер асты дүмпулерінің эпицентрі жергілікті уақытпен 06:09-да Келкит ауданында болған. Жер сілкінісінің ошағы 5,9 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қираған ғимараттар жайлы немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бөлісу: