сенбі, 12 сәуір, 2025

Қаржы пирамидаларынан сақтаныңыз

/
сурет: istock.com

Тек Шығыс Қазақстан об­лы­сы­ның өзінде 1 479 тұрғын қаржы пи­ра­мидасының құрығына іліккен. Кел­тірілген шығын көлемі 300 мил­лион теңгеден асқан. Қазір күдіктілер қа­мауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Елімізде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар са­ны азай­май отыр. Өткен аптада Asar Baspana ұйы­мы қоғамда үл­кен резонанс тудырғаны есі­міз­де. Компания өзін тұтыну­шы­лық кооператив ретінде көр­сетіп, мыңдаған адамның қаржысымен қал­тасын қам­пайт­қан. 

Соңғы жылдары аймақтарда да қар­жы пирамидалары көбейіп, ха­лық­­тың қалтасын қаға бастаған. Мұн­­дай қылмыстардың алдын алу мақ­сатында Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидатын іске асы­­ру маңызды. Өйткені қағидаттың не­гізгі мақсаты – тұрғындардың құ­қық­тық сауаттылығын арттыру. Шы­ғыс Қазақстан облысында осын­дай бірнеше ұйымдасқан қылмыс анықталды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдерінің айтуын­ша, заңсыз ұйымдасқан төрт қар­жы пирамидасы анықталып, тер­геу нәтижесінде, бұл ұйымдардың Қа­зақстан аумағындағы қызметі заң­сыз екені дәлелденіп, басшы­лары­на қатысты сот үкімі шыққан.
Тек Шығыс Қазақстан об­лы­сы­ның өзінде 1 479 тұрғын қаржы пи­ра­мидасының құрығына іліккен. Кел­тірілген шығын көлемі 300 мил­лион теңгеден асқан. Қазір күдіктілер қа­мауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Алаяқтықтың алуан түрін меңге­ріп, қарапайым халықтың қалтасын қағып жүргендер Жамбыл облы­сын­да да тыйылмай отыр. Биылғы екі ай­дың өзінде құзырлы органдар төрт қыл­мыстық іс тіркеген. 
Жамбыл облысы бойынша Эко­но­микалық тергеп-тексеру депар­та­менті басшысының орынбасары Рус­лан Сатыбалдиевтің өткен жылы жәбірленушілердің шағымы негізінде қаржы пирамидаларын ұйымдас­тырушыларға қатысты 3 қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. 
– Соңғы үш жылда қаржы пира­ми­далары әрекеттерінен Жамбыл об­лысында 200-ден астам азамат зар­дап шекті. Бұл экономикалық тер­геу қызметіне өтініш білдірген адам­дардың саны ғана екенін айта кет­кен жөн. 2023-2024 жылдары тер­геп-тексеру барысында департамент қабылдаған шаралар нәтижесінде, зардап шеккен азаматтарға 45 мил­лион теңгеден астам келтірілген за­лал өтелді. Мысалы, Chia Tai қаржы­лық пирамида ұйымын ұйымдас­тыру­шыға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында сатып алынған пә­тер мен 10 млн тенгеден астам қара­жат тәркіленді, – дейді Р.Сатыбалдиев.

А.Бимендиева

Бөлісу: