Жазғы Азиада-2026: Жағажай волейболшылары ширек финалға шықты

/
Жазғы Азиада-2026: Жағажай волейболшылары ширек финалға шықты
ҰОК

Қазақстандықтар Сергей Богату мен Кирилл Гурин Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жағажай волейболынан ширек финалға жолдама алды.

1/8 финалда қазақстандық жұп Иран өкілдері Абольхассан Хакизаде мен Амир Али Галеновиден 2:1 есебімен басым түсті.

Богату мен Гурин алғашқы партияда 21:15 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда қарсыластарына 18:21 есебімен есе жіберді. Ал шешуші партияда қазақстандықтар 15:11 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары