Ғалымдар жаңғақ қосылған таңғы ас ми жұмысын жақсартатынын дәлелдеді
Нәтижелерге сүйенсек, жаңғақ жеген студенттерде күннің екінші жартысында есте сақтау қабілеті жақсарып, реакция жылдамдығы артқан.

Қарапайым таңғы ас ми қызметін жақсарта ала ма? Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, жауап – иә, әсіресе егер таңғы ас құрамында жаңғақ болса.
Зерттеушілер 18-30 жас аралығындағы 31 студенттің қатысуымен тәжірибе жүргізді. Олар екі түрлі таңғы ас ішіп, кейін когнитивті тесттер тапсырды. Қатысушыларды бір тобы йогуртқа араластырылған 50 грамм жаңғақ жесе, екінші тобы жаңғақсыз, бірақ тағамдық құрамы ұқсас таңғы ас ішкен.
Нәтижелерге сүйенсек, жаңғақ жеген студенттерде күннің екінші жартысында есте сақтау қабілеті жақсарып, реакция жылдамдығы артқан. Электроэнцефалография (ЭЭГ) көрсеткіштері олардың ми белсенділігінде оң өзгерістер болғанын дәлелдеді.
Алайда, жаңғақ жегендер таңғы астың дәмі мен иісін аса ұнатпағанын айтып, майлы тағамдарға деген тәбеті артқанын мойындады. Сондай-ақ, олардың қант деңгейі сәл жоғары болғанымен, мидың жұмысын жақсартатын май қышқылдарының деңгейі төмендеген.
Осы зерттеуді жүргізген профессор Клэр Уильямстың айтуынша, таңғы асқа аз ғана жаңғақ қосу – когнитивті қабілетті арттырудың оңай әрі тиімді тәсілі болуы мүмкін.