Динара Закиева: Балалардың білімі мен денсаулығына басымдық беріледі

/
Динара Закиева: Балалардың білімі мен денсаулығына басымдық беріледі

Өткен жылғы Жолдауда цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға басымдық берілсе, биыл Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту міндетін қойды. «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында мектептер, ауруханалар, жолдар, спорт және мәдениет нысандарын салу, өңірлердің инфрақұрылымын жақсарту көзделіп отыр.

Президент экономиканы дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, ха­лықтың табысын арттыру және ха­лық­тық цифрлық экономиканы қалыптастыру мәселелеріне де ерекше назар аударды. Аза­­­маттардың тұрғылықты жеріне қара­мас­тан, смартфон арқылы заңды табыс табуына мүмкіндік жасау, цифрлық жұ­мыс­пен қамтуды дамыту, кәсіпкерлерге өз өнім­дерін онлайн платформалар арқылы са­ту­ға жағдай туғызу міндеттері белгіленді.

Жолдауда мен үшін ерекше маңызға ие болған бағыт – балалардың денсаулығы, бі­лімі мен қауіпсіздігі. Бүгінде елімізде 7 мил­лионға жуық бала бар. Мемлекет бас­шысы олардың сапалы медициналық кө­мек пен білім алу мүмкіндігін кеңейтуге қа­тысты нақты тапсырмалар берді. Атап айт­қанда, сегіз перинаталдық орталық пен же­ті көпбейінді балалар ауруханасын салу, ерек­ше қажеттіліктері бар балаларды қол­дау және инклюзивті білім беруді дамыту мін­деттері айқындалды.

Президент инклюзивті білім алуға мұқ­таж 237 мыңнан астам баланың бар екенін атап өтті. Олардың сапалы білім алуына жә­не қоғам өміріне толыққанды ара­ласуы­на жағдай жасау қажет. Қазір елімізде мың­нан астам инклюзияны қолдау каби­не­ті жұмыс істейді. Дегенмен өңірлердегі тә­жірибе біркелкі емес. Кейбір мектептерде қа­жетті мамандар жетіспейді, ал бірқатар жағ­дайда баланың жеке қажеттілігіне сай қол­дау көрсетілмейді. Сондықтан жаңа мек­тептер мен медициналық нысандар салу­мен қатар, мамандар даярлау және көр­сетілетін қызметтердің сапасын арт­тыру мәселесі де қатар шешілуі тиіс.
Әсіресе, ауылдар мен шағын елді ме­кен­дердегі балалардың білім алуына, ден­сау­лы­ғын нығайтуына, спортпен және шығар­ма­шылықпен айналысуына мүмкіндік жа­сау маңызды. Бүгінде кейбір өңірлерде ба­лаларды күрделі тексеруден өткізу не­месе емдету үшін ата-аналар басқа қалаға бару­ға мәжбүр. Жаңа медициналық ны­сан­дардың салынуы осы мәселені шешуге ық­пал етеді. Сол сияқты ерекше қажеттілік­тері бар баланың өз тұрғылықты жеріндегі мектепте білім алып, қажетті мамандардың көмегіне қол жеткізуі бүкіл отбасының өмірі­не әсер етеді.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасының ал­ғашқы кезеңінде еліміздің өңірлерінде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны са­лы­нып, 50-ге жуық білім беру, спорт және мә­­дениет нысанының құрылысы баста­ла­ды. Жоспарланған нысандардың уақытылы пайдалануға берілуі және сапалы қызмет көрсетуі маңызды.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақ­сар­туға бағытталған тағы бір маңызды ше­шім – ең төменгі жалақыны көтеру. Пре­зиденттің тапсырмасына сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюд­жет саласында жұмыс істейтін 370 мың­нан астам қызметкердің табысын арт­тыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіндегі учаскелік қызмет мамандары­ның жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қа­рай 40 пайызға дейін көтеру көзделген. Бұл өзгеріс 77 мыңнан астам маманды қам­тиды.

Президент Жолдауында әлеуметтік сая­сатты жетілдіру мәселесіне де тоқталды. Мем­лекеттік көмекті шын мәнінде мұқтаж аза­маттарға бағыттап, жаңа әлеуметтік те­тік­терді алдымен пилоттық режимде сы­нақтан өткізу қажеттігі айтылды. Мұн­дай шешімдердің тиімділігін бағалау үшін өңірлерде тұрақты мониторинг жүргізіп, анықталған кемшіліктер бойынша жауап­ты органдардың нақты іс-шара қабылдауын бақы­лау қажет.

Ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда қар­жыландырумен қатар, мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы, қажетті мамандардың жеткіліктілігі және қабыл­дан­ған шешімдердің орындалу сапасы маңызды. Өңірлерге жүргізілген монито­ринг барысында бірқатар мәселенің шешімі бірнеше мемлекеттік органның бірлескен жұмысына байланысты екенін байқаймыз. Мәселен, ерекше қажеттілігі бар баланың білім алуына жағдай жасау үшін мектептің дайындығы, қажетті мамандардың болуы, медициналық және әлеуметтік қызметтер­дің өзара байланысы қамтамасыз етілуі ке­рек. Кейде тиісті инфрақұрылым болға­­нымен, қызмет толыққанды көрсетілмейді. Сондықтан әрбір мемлекеттік орган өзіне жүк­телген міндеттің нәтижесіне жауап беруі тиіс.

Жолдауда Құрылтайдың алдына да бір­қатар заңнамалық міндет қойылды. Олар­дың қатарында жаңа Азаматтық кодексті әзір­леу, салық заңнамасын жетілдіру және эко­номикалық реформаларды құқықтық тұр­ғыдан қамтамасыз ету бар. Құрылтай де­путаттары Үкіметпен бірлесіп, тиісті заң жобаларын әзірлеу және олардың қоғам мен экономикаға ықпалын жан-жақты қа­растыру бағытында жұмыс істейді. Со­ны­мен бірге бөлінген бюджет қаражатының тиім­ді жұмсалуы, әлеуметтік инфра­құры­лым нысандарының уақытылы салынуы мен мемлекеттік бағдарламалардың орын­далуы бақылауда болады.
Балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру де не­гізгі жұмыс бағыттарының бірі. Қазір Құрыл­тай депутаттарымен бірлесіп, осы са­лаға қатысты үш заң жобасы әзірленді. Құ­жаттарды пысықтап, Үкіметке жолдау жұ­мыстары жүргізіліп жатыр.

Бірінші заң жобасы балалардың ақ­па­рат­тық және цифрлық қауіпсіздігін қам­та­масыз етуге арналған. Екінші құжат ерекше қа­жеттіліктері бар балаларды қолдауға, олар­ға қажетті қызметтерді біріктіретін ке­шенді сүйемелдеу жүйесін қалып­тас­тыру­ға бағытталған. Үшінші заң жобасы ба­лалардың құқықтарын қорғау саласын­да­ғы өзекті мәселелерді шешуді көздейді.

Сонымен қатар қабылданған заңдар­дың өңірлерде орындалуына тұрақты ба­қы­лау жүргізіледі. Өйткені заңнамалық дең­гейде қажетті жағдайлар қарастырыл­ға­нымен, оларды іс жүзінде жүзеге асыру ке­зінде түрлі кедергілер кездеседі. Сон­дық­тан қабылданған шешімдердің балаларға нақ­ты көмек көрсетуі және олардың күн­де­лікті өміріне оң ықпал етуі басты назарда бо­лады.

Динара ЗӘКИЕВА,
Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының орынбасары

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары