Австралияда акула шабуылдаған турист қыз қайтыс болды

Қайғылы оқиға 3 ақпанда Бриби аралының жағажайында болды.

Австралияда акула шабуылдаған турист қыз қайтыс болды
Сурет: www.istockphoto.com
563

Квинсленд полициясының мәліметі бойынша, аралдың жағасында суға шомылып жүрген 17 жастағы қыз ауыр жарақат алған, деп хабарлады turkystan.kz.

Фельдшерлер мен куәгерлер зардап шегушіні акуладан құтқарып жатқанда, бойжеткен алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Полицияның хабарлауынша, жас турист Бриби аралының жағасынан шамамен 100 метрге дейін ұзап кеткен.

Айта кетейік, қайғылы оқиға болған жағажай аралдың шығыс жағында орналасқан және серфинг әуесқойлары үшін танымал орын.

Серіктес жаңалықтары