сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Қасіретті қаңтар оқиғасының астарын ашқан кітап

/
Онда  қаламгердің әріптестері еліміздің басынан өткен қасіретті шақтың аталған туындыда қалай ашылғаны жайында сөйледі.

Мазмұны

    Алматыда белгілі журналист, Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллиннің 2022 жылы елімізде болған Қаңтар оқиғасы жайлы орыс тілінде жазылған «Қаңтар – 22»: неудавшийся госпереворот и пробуждение нации» («Қаңтар–22»: сәтсіз мемлекеттік төңкеріс және ұлттың оянуы») атты кітабының таныстырылымы өтті. Онда  қаламгердің әріптестері еліміздің басынан өткен қасіретті шақтың аталған туындыда қалай ашылғаны жайында сөйледі.

    Өз кітабы туралы түсініктеме берген Би­гел­ді Ғабдуллин «Менің кітабымда хро­ника деген нәрсе бар. Әр күні қай облыста қай минутта не болды, соның бәрі бар» деді. Сон­дай-ақ автор «дүрбелеңді өз көзімен көр­ген адамдармен жеке сұхбаттасқанын, өзінің жа­қындарын жоғалтқан адамдармен әңгіме­ле­судің оңай болмағанын» айтты. Біз тұсау­ке­серден соң Бигелді Ғабдуллинмен кітабы тура­лы сұрақтар қойдық.

    – Бигелді Қайырдосұлы, елімізде екі жыл­дай уақыт бұрын өткен қасіретті қаңтар оқи­ғасына байланысты жазған кіта­быңыз қа­зірден бастап оқырман­дар­дың қызығу­шы­лы­ғын тудырып жатыр. Бұл кітапты жазуға не түрткі болды?

    – Қаңтар туралы көптеген мақала, сұхбат, кі­тап шығып жатыр. Бірақ шыққан кітаптар­дың басты кемшілігі – оларда тек Алматы тура­лы айтылады да, толық, ауқымды геогра­фия­сы кең камтылмайды
    Менің жұмысымның мақсаты – осы оқи­ғаларды жаңа және кеңірек көзқараспен қа­рау, оқиғаның жаңа беттерін ашу, өз көз­дерімен көргендердің ашық айтатын адам­дар­ды тауып сұхбаттасу болды. Сондықтан кітап­ты жазуға түрткі болған нәрсе – Қантар  тура­лы неғұрлым толық және сенімді кітап жазу­ға деген ынта болды.

    – Қаңтар оқиғасы жайында мемлекет қай­раткері Жақсыбек Құлекеев «Қаңтар оқи­ғасы: Ақорда үшін күрес», ресейлік жур­налист Лео­нид Млечиннің «Қаралы Қаңтар. Пре­зи­дент Тоқаев және сабақ алу» атты кітаптары жа­рық көрді. Сіздің кіта­быңыздың аты атал­ған туынды­лар­дан қандай айырмашылығы бар?

    – Қаңтар оқиғасы тек қана Алматы мен Аста­нада емес, көптеген аймақта болғаны мәлім, Сол себептен мен өзімнің зерттеу жұ­мы­­сымды толыққанды жүргізу үшін Жаңаө­зен қаласынан бастап, оншақты облыста бол­­дым,  адамдармен сөйлестім. Менің кіта­бым республикалық деңгейде жазылып отыр.

    – Кітабыңызды жазуда халыққа БАҚ ар­қылы белгілі мәліметтерді шолып талда­дыңыз ба, әлде көп жұртқа белгісіз тың де­рек­тер тауып, қаңтар оқиғасының астарын аш­тыңыз ба?

    – Менің кітабымда бұрын айтылмаған тың деректер, ақиқаттар көп және Қаңтар оқи­ғасының астарын көрсеттім.

    Бөлісу: