Republic Day және Bereke Fest: Қазақстандағы маркетплейстерде 50%-ға дейін жеңілдіктер ұсынылады

/
Republic Day және Bereke Fest: Қазақстандағы маркетплейстерде 50%-ға дейін жеңілдіктер ұсынылады
istockphoto.com

Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акцияларына Қазақстанның ірі маркетплейстері де қосылды. Сатып алушылар түрлі тауарларды 10%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алып, қосымша бонустарға ие бола алады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі электрондық сауда саласының өкілдерімен бірлесіп, мерекелік акцияларды Kaspi. kz, Halyk Market, Technodom, Mechta және басқа да онлайн сауда алаңдарында ұйымдастырды.

Шара аясында тұрмыстық техника, электроника, киім-кешек, аяқ киім, үйге қажетті заттар, кеңсе тауарлары және басқа да азық-түлікке жатпайтын тауарларға арнайы ұсыныстар қарастырылған. Жеңілдік мөлшері мен бонус алу шарттары сауда алаңына, сатушыға және таңдалған тауарға байланысты.

Онлайн сауданың басты артықшылығы - еліміздің кез келген өңіріндегі тұрғындар мерекелік ұсыныстарды пайдалана алады. Сатып алушылар дүкенге бармай-ақ тауар түрлерін қарап, бағаларын салыстырып, өзіне қажетті өнімді таңдай алады.

Кәсіпкерлер үшін мұндай акцияларға қатысу - жаңа  тұтынушыларды тартуға, сатылым көлемін арттыруға және өз өнімдерін көпшілікке таныстыруға қосымша мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда акциялар аясында қазақстандықтар маркетплейстерден жиі сатып алатын тауарлардың ең танымал бес санаты анықталды. Оған  тұрмыстық техника мен электроника, үйге қажетті заттар, киім-кешек пен аяқ киім, балаларға арналған тауарлар және күнделікті тұрмысқа қажетті заттар кіреді. Оның ішінде смартфондар, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, үй тоқыма бұйымдары, ойыншықтар, шаруашылық және кеңсе тауарлары бар.

Осылайша, Republic Day және Bereke Fest акциялары сауда орталықтары мен сауда желілерін ғана емес, онлайн сауда алаңдарын да қамтып, қазақстандықтарға мерекелік ұсыныстарды пайдалануға қосымша мүмкіндік беріп отыр.

Еске салайық, Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары 2026 жылғы 17–27 қазан аралығында өтеді. Осы кезеңде еліміздің сауда орталықтарында, сауда желілерінде және маркетплейстерінде арнайы ұсыныстар қарастырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар