Ғылымға уақыт бермей, одан үлкен нәтиже талап етуге болмайды

Ғылымға уақыт бермей,  одан үлкен нәтиже талап етуге болмайды
Құрылтайдың баспасөз қызметі

Ғылымға серпін беріп, зерттеушіні бюрократия бұралаңынан босатуды көздеген мемлекеттік бастамалар қағаз бетінде қаншалықты пәрменді көрінгенімен, шынайы өмірде Бюджет кодексінің тар шеңбері мен әкімшілік кедергілерге тіреліп тұр. Президенттің ғылыми гранттар мерзімін бес жылға дейін ұзарту жөніндегі тапсырмасы заңнамалық тұрғыдан бекітілгенімен, Ғылым және жоғары білім министрлігі басым жобаларды бұрынғыша үш жылдық қысқа циклмен шектеуден арыла алар емес. Соның салдарынан ауқымды іргелі зерттеулер жарты жолда үзіліп, ғылыми орта «тез жазылатын үстірт мақалалар» синдромына бой алдыруда. Ал ресми уәде мен нақты тәжірибе арасындағы бұл жүйелі алшақтық отандық ғылымның болашағына қалай әсер етіп жатыр?

Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жол­дауын­да ғылымды қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзартуды тапсырды. Бұл отандық ғылымды дамытуға бағытталған ше­шуші кадам болды. Бастаманың түпкі мақ­­саты – ғалымдарға ұзақ зерттеу жүр­гізу­­ге жағдай жасау, жыл сайын қағаз та­сып, кон­курс қуалайтын бюрократиядан арыл­ту жә­не ел үшін стратегиялық мәні бар нә­ти­же­ге қол жеткізу. Реформа заңнамалық дең­гейде жасалғанымен, ресми ұстанған бағыт пен нақты өмірдің арасында алшақ­тық әлі де сақталып отыр.
2024 жылғы шілдеде қабылданған «Ғы­лым және технологиялық саясат туралы» жаңа заңының 34 және 36-баптарында ғы­лыми әрі ғылыми-техникалық қызметті қар­жыландырудың формалары мен тетік­тері көрсетілді. Мұндағы 36-бапта гранттық қаржыландыру мерзімі бес жылға дейін бері­летіні шегелеп жазылған. Демек, уәкі­лет­ті орган – Ғылым және жоғары білім ми­­нистрлігі ғылыми конкурстарды бір жыл­­дан бес жылға дейінгі мерзімде жария­лау­ға толық құқылы. Бірақ заңдағы норма мін­детті талап емес, «бес жылға дейін» де­ген созылмалы шекпен берілген. Ғылым жә­не жоғары білім министрлігінің Ғылым ко­митеті өткізген негізгі конкурстардың ба­сым бөлігі, атап айтқанда, іргелі және қол­данбалы зерттеулер, «Жас ғалым» жо­балары мен коммерцияландыру гранттары 2022-2026 жылдары бұрынғыдай үш жыл­дық циклмен өтті. 
Аталған мәселені Құрылтай депутат­та­ры күн тәртібіне қойып отыр. Осы аптада «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Лаура Қарабасова Ғылым және жоғары бі­лім министрі С.Нұрбекке және Қаржы ми­нистрі М.Такиевке Президенттің ғы­лымды гранттық қаржыландыру мерзім­дерін ұлғайту жөніндегі бастамасының нақты орындалуына қатысты депутаттық сауалын жолдады.


– Бұл бастама заңнамалық тұрғыдан қол­дау тауып, заңмен бекітіліп, арада төрт жыл уақыт өткенімен негізгі гранттық кон­курстар әлі де үш жылдық мерзіммен өткі­зі­ліп келеді. Мәселен, 2022-2024, 2023-2025, 2024-2026, 2025-2027 және 2026-2028 жыл­ға арналған конкурстар үш жылдық цик­л­мен ұйымдастырылды. 
Ең өкініштісі – осы күнге дейін ғалым­дар осы үш жылды да толық пайдалана ал­май келді. Өйткені конкурс өтеді, сарап­та­ма жасалады, Ұлттық ғылыми кеңес ше­шім қабылдайды, шарт жасалады. Осы рә­сімнің бәріне уақыт кетеді. Нәтижесінде, ғы­лыми жұмыстың нақты мерзімі қыс­қа­рып, көп жағдайда зерттеу жұмысына 2-2,5 жылға ғана жетеді. Бұл – жай ғана әкімшілік кі­діріс емес. Бұл – іргелі зерттеулердің қар­қы­нын баяулатады. Әсіресе, биомедицина, ауыл шаруашылығы, экология, кли­ма­то­ло­гия, физика, химия, материалтану және ин­женерия саласы үшін өзекті. Мұндай зерт­теуге ұзақ бақылау, бірнеше маусымдық цикл, технологияны сынау және ғылыми жа­рияланымға уақыт қажет. Ал ғалымға уа­қыт жетпесе, ол тәуекелге бармайды. Ұзақ зерт­теуден қашады. Тез нәтиже беретін жо­­баны таңдайды. Осылайша, ғылымнан үлкен нәтиже күтеміз. Бірақ сол нәтижеге же­туге ғалымдарға қажетті уақытты өзіміз бер­мей отырмыз, – деді Лаура Қарабасова. 


Депутат сөзінің жаны бар. Қазіргі қа­лып­тасқан қысқамерзімді қаржыландыру фор­маты ғылымның барлық саласына бір­дей әсер етпейді. Әсіресе, ұзақ уақытты, та­биғи циклдерді, күрделі инженерлік сы­нақтарды талап ететін бағыттар дағдарысқа ұшырап отыр.
Экология мен климатология саласын­да­ғы жүйелерді, климаттық өзгерістерді зерт­теу процесін бір немесе үш жылдық тар шеңберге сыйғызу мүмкін емес. Эко­жүйе­нің динамикасын, антропогендік әсер­лерді нақты бағалау үшін кемінде 5-10 жыл­дық үзіліссіз мониторинг қажет. Алай­да үш жылдық жоба аясында ғалымдар қар­жыландырудың соңғы жылында есеп беру, құжаттарды жаппай тапсыруға кірісіп ке­те­ді де, ұзақмерзімді қадағалау жұмыс­тары үзіліп қалады.
Ауыл шаруашылығы мен өсімдік шаруа­шылығында да жағдай мәз емес. Мұнда жаңа сорттарды шығару, топырақ құнар­лы­лығын зерттеу, ветеринариялық пре­парат­тарды сынақтан өткізу тікелей та­би­ғи маусымдық циклге тәуелді. Дәнді да­қыл­дардың, жеміс-жидектердің өнімділігі мен кли­маттық төзімділігін тексеру үшін ке­мін­де 3-4 вегетациялық маусым, яғни жыл қажет. Үш жылдық грант аясында ғалымдар тек екі маусымның нәтижесін бақылап үл­­гере­ді де, үшінші жылы қаржының тау­сылуы­на байланысты тәжірибені жарты жол­да тоқтатуға мәжбүр болады.
Биомедицина мен фармакология ба­ғытында да ұқсас қиындықтар бар. Жаңа дә­рі­лік заттарды жасау, клиникаға дейінгі зерт­теулер, жасушалық биология, гене­ти­ка­лық тәжірибелер өте көп сатылы, ұзақ про­цестерді талап етеді. Жануарларға жүр­гі­зілетін ұзақмерзімді тәжірибелер мен олар­дың ағзасына тигізетін кері әсерін ба­қылаудың өзі бірнеше жылға созылады. Бір анығы, үш жыл ішінде жаңа молекула не­месе препаратты өндіріске енгізу, бол­маса толыққанды медициналық жаңалық ашу мүмкін емес.
Физика, химия, материалтану сала­ла­рында жаңа наноматериалдарды, жар­ты­лай өткізгіштерді немесе катализаторларды синтездеу, олардың физика-химиялық қа­­­­сиеттерін әртүрлі температуралық, қы­сымдық режимдерде ұзақмерзімді сынау, со­ның ішінде тозуға әрі коррозияға тө­зім­ділігін анықтау көп уақытты алады. Оның үстіне, электронды микроскоптар мен хро­­­матографтар сияқты күрделі ғылыми жаб­­дықтарды шетелден сатып алу, жеткі­зу­дің өзі логистикалық кедергілерге бай­ланысты 6-12 айға созылып, зерттеуге қа­­ла­тын нақты жұмыс уақытын 1,5-2 жыл­ға дейін қысқартып тастайды.
Инженерия мен өндірістік технология­лар­да инженерлік шешімдерді әзірлеп қана қой­май, оны тәжірибелік үлгіде жасап шы­ғару, өндірістік жағдайда сынақтан өт­кізу, сертификаттау, қателерді жөндеу ұзақ уақытты қажет етеді. Үш жыл ішінде инже­нер­­­лер теориялық макет пен патент дең­гейі­­­нен әрі аса алмайды. Нәтижесінде, әзір­­ленген технологиялар нақты эконо­ми­ка­ға трансферт жасала алмай, қағаз жү­зін­де қалып қояды.
«Ғылымға уақыт беру – сапалы ғылыми нә­тижеге жол ашу» дейді ұзақ жыл ғылыми зерттеулер жүргізіп келе жат­қан ғалым, химия ғылымдарының кан­ди­­даты, қауым-дастырылған профессор Гүл­бану Жақсылықова. 


– Ғылыми зерттеу – белгілі бір мерзім ішін­де міндетті түрде дайын нәтиже бере­тін өндірістік процесс емес. Әсіресе, химия және химиялық технология саласында жа­ңа каталитикалық жүйелерді әзірлеу, хи­миялық реакциялардың жүру заң­ды­лық­тарын зерттеу, оңтайлы технологиялық жағ­­дайларды анықтау және алынған нәти­же­лерді тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеу бір­неше жылға созылуы мүмкін. Мысалы, жаңа катализаторды зерттеу барысында ал­дымен оның құрамын таңдаймыз, кейін тә­жірибелер жүргіземіз, алынған өнім­дер­дің құрамын заманауи аналитикалық әдіс­тер­мен анықтаймыз. Одан кейін нәти­же­лердің қайталанымдылығын тексеріп, ғы­лыми тұрғыдан негіздейміз. Ал зерттеу нә­тижесін өндірістік технологияға айнал­дыру үшін қосымша уақыт пен қаржылан­дыру қажет.
Қазір гранттық қаржыландыру кон­курс­­тарының басым бөлігі үш жылдық мер­зімге ұйымдастырылып келеді. Оның үс­тіне конкурстық рәсімдер мен келі­сім­шарттарды рәсімдеуге уақыт жұмсалуы ғы­лыми жұмыстардың нақты орындалу мер­зіміне әсер етеді. 
Бес жылдық қаржыландыру ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға, күрделі әрі ұзақмерзімді ғылыми міндеттерді ше­шуге және зерттеу нәтижелерін прак­ти­ка­лық қолданысқа енгізуге қосымша мүм­кін­дік береді. Сонымен қатар ғылыми жоба­лар­ды іргелі және қолданбалы бағыттар бойын­ша бөлек қаржыландыру мәселесін де қарастырған жөн, – дейді Гүлбану Жақ­сы­лықова. 


Ғалымның айтуынша, іргелі ғылымның негізгі мақсаты – жаңа ғылыми білім қа­лып­­тастыру, ал қолданбалы зерттеулер нақ­­ты технологиялық және өндірістік мін­­деттерді шешуге бағытталады. Сондық­тан олардың нәтижелерін бағалау көрсет­кіш­тері мен іске асыру мерзімдері де ерек­шеленуге тиіс.
– Ғылыми гранттардың мерзімін ұзар­тумен қатар, жобалардың үздіксіз қаржы­лан­дырылуын қамтамасыз ету, зерттеу жұ­мыстарының мерзімін келісімшарт жа­салған күннен бастап есептеу және ғылыми нә­тижелерді бағалаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру маңызды. Ғылымға бөлінген қаржы ғана емес, ғалымға берілген уақыт та маңызды ресурс. 
Сонымен қатар іргелі және қолданбалы ғы­лыми зерттеулерді гранттық қаржы­лан­дыру конкурстарын бөлек өткізуді қолдай­мын. Себебі бұл екі бағыттың мақсаттары, зерттеу әдістері мен күтілетін нәтижелері әр­түрлі. Іргелі зерттеулер жаңа ғылыми бі­лім қалыптастыруға бағытталғандықтан, олардың нәтижесін алу үшін ұзақ уақыт қа­жет болуы мүмкін. Ал қолданбалы зерт­теулер нақты өндірістік және техно­ло­гия­лық мәселелерді шешуге бағытталады. Сон­дықтан оларды бірдей талаптар мен бағалау өлшемдері бойынша қарастыру әр­дайым тиімді бола бермейді. Конкурс­тар­ды бөлек ұйымдастыру әр бағыттың ерек­шелігін ескеруге, ғылыми жобаларды әділ бағалауға және қаржыландырудың тиім­ділігін арттыруға мүмкіндік береді деп есеп­теймін, – дейді химия ғылымдарының кан­дидаты, қауымдастырылған профессор Гүлбану Жақсылықова. 
Құрылтай депутаты Лаура Қарабасова ға­лымдардың бас ауруына айналған грант­тық қаржыландыру мерзімдерін ұлғайту ту­ралы депутаттық сауалында мәселені ше­шудің бірнеше жолын ұсынды. 


– Бюджетті сылтау ете алмаймыз. Се­бе­бі бес жылдық жобаның төртінші және бе­сінші жылына қажетті қаражатты кейінгі бюд­жеттік циклде жоспарлауға мүмкіндік бар. Яғни, ғылымды дамытуға заң да бар. Қар­жы тетігі де бар. Құқықтық мүмкіндік те бар. Бірақ министрлік әлі де үш жылдық модельден бас тартпай отыр. Мәселе – мем­лекеттік тапсырманы сапалы орындауда. Мәселе – нақты басқарушылық шешім шы­ғаруда. Ғылымға уақыт бермей, одан үл­кен нәтиже талап етуге болмайды. Сон­дық­тан министрліктен 2027 жылдан бас­тап іргелі ғылыми жобалар бойынша 60 ай­лық гранттық қаржыландыру конкурсын өт­кізуді; іргелі ғылым үшін бес жылдық қар­жыландыруды негізгі модель ретінде ен­гізуді және жобаның толық 60 айлық жос­пары мен қаржыландыру көлемін бе­кітуді; төртінші және бесінші жылдарға қа­жетті шығыстарды кейінгі бюджеттік цик­лдерде алдын ала жоспарлау тетігін ен­гізуді; жалпы қолданбалы және іргелі зерт­теулерді гранттық қаржыландыру кон­курстарын бөлек өткізуді ұсынамын, – деді.


Ғалымдарға толыққанды зерттеу жүр­гізу­ге уақыт бермейінше, олардан ел эко­но­микасы мен болашағына серпін беретін ірі жаңалықтар мен фундаменталды нәти­же­лерді талап ету – бос әурешілік. Бүгінде Құрылтайдан бастап ғылыми ортаға дейін көтеріліп жатқан бұл мәселе тек әкімшілік мерзімді ұзарту емес, отандық ғылымның сапалық деңгейге көтерілуін айқындайтын басты шарт. Егер ғылымды қаржыландыру тетіктері қайта қаралып, іргелі зерттеулерге то­лық бес жылдық мүмкіндік берілмесе, мил­лиондаған қаржы бөлінгенімен, қағаз бе­тіндегі есептер мен үстірт мақалалардан әрі аса алмаймыз. Ел дамуына өрелі үлес қо­­­сатын шынайы ғылыми серпіліс – уа­қыт­пен санаспайтын ізденіс пен тұрақты қол­дау бар жерде ғана туады.

Бетті дайындаған 
А.БИМЕНДІ

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары