Қосшыда 67 отбасыға пәтер берілді

Салтанатты іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыстап, оларды маңызды оқиғамен құттықтады

Қосшыда 67 отбасыға пәтер берілді
175

Қосшы қаласында 67 отбасы жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Көптен күткен жайлы пәтерлерді қала әкімдігі әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін сатып алған.

Салтанатты іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыстап, оларды маңызды оқиғамен құттықтады.

Бүгін жас, әрі гүлденіп келе жатқан Қосшы қаласында 67 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Өз баспанасына қол жеткізу – әрбір адам мен отбасы үшін үлкен мереке. Бұл қуаныш тек осы отбасылар үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңызды оқиға, – деп атап өтті облыс әкімі.

Серіктес жаңалықтары