«Балалар үшін көмектеседі деп ойлаймын»: Аймира Аман Олжас Абайдың уәдесі орындалмағанын айтты

/
«Балалар үшін көмектеседі деп ойлаймын»: Аймира Аман Олжас Абайдың уәдесі орындалмағанын айтты
Коллаж: turkystan.kz

Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы жары Аймира Аман экс-күйеуінің балаларына баспана алып беру мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Qoslike бағдарламасында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бағдарлама барысында жүргізуші Анна Данченко Аймирадан актердің балаларына пәтер алып берген-бермегенін сұрады.

Бұған жауап берген Аймира қазір балаларымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, Олжас Абайдың баспана алып беру туралы уәдесін орындайтын-орындамайтынын уақыт көрсетеді.

«Қазір де сол пәтерде тұрамыз. Әкесі оны қай уақытта алып беріп, қаншалықты сөзінде тұратынын уақыт көрсетер. Мен үшін емес, балалар үшін барын салып, көмектеседі деп ойлаймын. Күндердің күнінде», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары