Ер адам 11 жастағы баласын өртеп жіберді

Әкесі өз бетінше отты дереу сөндірмек болған

Ер адам 11 жастағы баласын өртеп жіберді
istockphoto.com
1555

Мәскеуде ер адам барбекю жасау үшін от жақпақ болып, абайсызда 11 жастағы ұлын отқа күйдіріп алды. Оқыс оқиғадан баланың денесінің 50%-ға жуығы қатты күйіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, мәскеуліктер саяжайда демалып жүрген. Әкесі ет қақтап пісіру үшін от жағып, бөтелкедегі жанғыш сұйықтықты шашқан. Дәл сол арада сұйықтық қасында тұрған баласына шашырап, от баланың үстіне өтіп кеткен. Баланың үсті бірден лаулай жөнелген.

Әкесі өз бетінше отты дереу сөндірмек болған.

Бала екінші дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Оның сабағына қашан орала алатыны әлі белгісіз.

Серіктес жаңалықтары