SMALL, METRO, Gourmet: Елімізде ірі супермаркеттер желісіне айыппұл салынды

Сауда үстемесін арттырғаны үшін бірнеше филиалы бар «SMALL» және «METRO» ірі сауда желілері, сондай-ақ «Esentai Gourmet» гастрономы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

SMALL, METRO, Gourmet: Елімізде ірі супермаркеттер желісіне айыппұл салынды
istockphoto.com
722

Жарты жылда сауда заңнамасын бұзған 2 228 сауда субъектісі жауапкершілікке тартылды.

«Жыл басынан бері Сауда комитетінің өңірлердегі департаменттері сауда заңнамасын бұзғаны үшін 2 357 әкімшілік іс қозғады. Нәтижесінде 2 228 әкімшілік қаулы қабылданып, 381 сауда субъектісіне айыппұл салынса, құқық бұзушылықты алғаш жасаған кәсіпкерлік субъектілеріне 1 847 ескерту берілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы жылдың 6 айында мемлекеттік бақылау нәтижелерінің көрсеткіші 2 еседен астам өсті», — делінген хабарламада.

Заң бұзушылықтың басым бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2 бабы бойынша байқалып отыр. Бірі — ӘМАТ тауарларына сауда үстемін арттыру (ӘҚБтК-нің 204-4-бабы), екіншісі — баға белгілерінің болмауы немесе әртүрлі бағаларды қолдану (ӘҚБтК-нің 193-бабының 4 және 5-тармағы).

«Сауда үстемесін арттырғаны үшін Алматы қаласындағы республика көлемінде бірнеше филиалы бар «SMALL» және «METRO» ірі сауда желілері, сондай-ақ мегаполистегі аса ірі премиум-класстағы «Esentai Gourmet» гастрономы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары