Биржада доллар бағасы қайта түсті

/
Биржада доллар бағасы қайта түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 452,91 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,24 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 4 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 453,26 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 452,38 теңге, сату бағамы 454,17 теңге. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 450 теңгеден сатып алынып, 457 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 452,55 теңге, сату бағамы 454,51 теңгені құрайды.

Еске салайық, 27 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,52 теңгеге, 28 қазанда 1,1 теңгеге өсті. 29 қазанда 3,22 теңгеге төмендесе, 30 қазанда 0,27 теңгеге қымбаттады. 2 қарашада 0,13 теңгеге, ал 3 қарашада 0,22 теңгеге арзандады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары