Жапонияда жұмыстан шығуға көмектесетін агент қызметі сұранысқа ие бола бастады

Олар басшылықтың психологиялық қысымына төтеп беруге және жалақыны ұстап қалудан сақтауға көмектеседі.

Жапонияда жұмыстан шығуға көмектесетін агент қызметі сұранысқа ие бола бастады
сурет: istockphoto.com
698

Жапония жастары жұмыстан кетуге көмектесетін агенттердің көмегіне жиі жүгіне бастаған. Бұл туралы scmp.com жазды.

Олар басшылықтың психологиялық қысымына төтеп беруге және жалақыны ұстап қалудан сақтауға көмектеседі.

Ел халқының азаюы, әсіресе жас жұмысшылардың жұмыстан шығуын қиындатқан. Кей компаниялар жұмыстан кеткісі келетін қызметкерлерді ұстап қалу үшін психологиялық манипуляция жасап, жалақыны ұстап қалу және моральдық мәжбүрлеу сияқты шараларға жүгінеді екен. Жұмыстан кетуге өтініш берген қызметкерлер жиі қоқан-лоққыға ұшырап, ал кейбір жұмыс берушілер тіпті отставкаға кету туралы өтініштерді бұзуға дейін барады екен.

Мұндай жағдайлар алғаш рет 2017 жылы пайда болған "отставкаға кету агенттіктерінің" көбеюіне ықпал еткен.

Серіктес жаңалықтары