Таразда су арнасынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

/
Таразда су арнасынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды
pixabay.com

Тараз қаласында су арнасынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Қазір полиция баланың анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқиға орталық базар маңындағы су арнасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, кіндігі кесілмеген нәрестенің денесін сол маңда жүрген балалар байқап қалған.

Олар бастапқыда суда жатқан затты қуыршақ деп ойлаған. Кейін ересектерді көмекке шақырып, нәрестенің денесі судан шығарылған.

Жамбыл облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Полиция қызметкерлері анасының жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жалғасып жатыр», – деді Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары