Түркияда "Сүлеймен сұлтан" сериалының актері ұсталды

/
Түркияда "Сүлеймен сұлтан" сериалының актері ұсталды
Anadolu/Getty Images

Түркияда танымал актер Арас Булут Ийнемли есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты тергеу аясында ұсталды. Ол іс бойынша күдікке ілінген 18 адамның қатарында, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркияның Бакыркёй аудандық прокуратурасы есірткіге қатысты қылмыстық іс аясында 18 адамды ұстау туралы қаулы шығарған.

Ақпарат жарияланған сәтте олардың 15-і қолға түскен. Ұсталғандардың арасында "Сүлеймен сұлтан" және "Чукур" сериалдары арқылы танылған актер Арас Булут Ийнемли де бар.

Прокуратура мәліметінше, 18 қыркүйекте Стамбұл жандармериясына іс фигуранттарын ұстау, олардың мекенжайларында тінту жүргізу және биологиялық сараптамаға үлгілер алу тапсырылған.

Тергеуге актерлер, әншілер, кәсіпкерлер, мекеме иелері мен блогерлердің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін ұсталғандар жауап алу үшін прокуратураға жеткізілуі тиіс.

Әзірге Арас Булут Ийнемлиге қатысты сот үкімі шыққан жоқ. Ол іс бойынша күдіктілердің бірі ретінде тергеліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары