"Қазақтың Шакирасы": Әйгерім Қалаубаеваның жаңа образы жұртты таңғалдырды

/
"Қазақтың Шакирасы": Әйгерім Қалаубаеваның жаңа образы жұртты таңғалдырды
ашық дереккөзден

Қазақстандық әнші Әйгерім Қалаубаева жаңа бейнебаянын таныстырып, тыңдармандарының назарын ерекше образы және биімен аударды. Желі қолданушылары өнер иесін әлемдік жұлдыздар Шакира мен Дженнифер Лопеске теңеді, деп turkystan.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші "Махаббатым – Машақатым" атты әніне түсірілген жаңа бейнебаянын YouTube платформасында жариялаған.

Әйгерім Қалаубаева Instagram парақшасында да түсірілім алаңынан бірнеше кадр бөлісті. Клипте әнші көк джинс шорты, беліне түйілген жейде және гүлді өрнегі бар биік етікпен бой көрсеткен.

Өнер иесінің ұзын бұйра шашы мен сахналық образы жанкүйерлерінің ерекше ықыласына бөленді.

Желі қолданушылары әншінің жаңа стиліне түрлі пікір қалдырған.

"Қазақтың Шакирасы", "Жастардан қалыспайды", "Бұл ән міндетті түрде хит болады", "Жаңа образыңыз керемет жарасады", "Джей Ло секілді", – деп жазды оқырмандар.

Сондай-ақ тыңдармандар Әйгерім Қалаубаеваның биіне және жаңа әніне жоғары баға беріп, туындының сәтті шыққанын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары