«Жасампаз мекен»: Жетісудағы ауқымды өзгерістер мен жаңа нысандар таныстырылды

«Жасампаз мекен»: Жетісудағы ауқымды өзгерістер мен жаңа нысандар таныстырылды
Видеодан скриншот

24 KZ телеарнасынан шығатын «Жасампаз мекен» арнайы жобасының кезекті шығарылымы Жетісу облысындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық өзгерістерге арналды. Бағдарламада Қаратал ауданының орталығы – Үштөбеден Балқашқа дейінгі аумақта жүзеге асып жатқан жобалардың барысы көрсетілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірде жол инфрақұрылымы жаңартылып, жаңа спорт кешендері салынып, ескі саябақ пен теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып жатыр. Сонымен қатар Балқаш жағалауында туризмді дамытуға бағытталған жаңа инфрақұрылым да бой көтеруде.

Арнайы жоба аясында Талдықорған–Үштөбе автожолының жөндеу жұмыстары да көрсетілді.

Айта кетерлігі, бұл жол 10 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Қазір ұзындығы 42 шақырым болатын учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның құны – 6 млрд теңге.

Жөндеу барысында жолдың кей бөліктері 7 метрден 9 метрге дейін кеңейтіледі. Қазір негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталған.

Одан бөлек, бағдарламада өңірдегі ауқымды жобалардың қазіргі ахуалы мен алдағы жоспары қамтылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары