Семейде футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық сериясының төртінші кездесуі өтіп, онда жергілікті Семей мен алматылық «Қайрат» клубтары кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.
Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады, есеп – 3:3. Ал пенальти нәтижесі бойынша есеп 4:3, Семей клубының пайдасына шешілді.
Осылайша сериядағы есеп 3-1 болып, нәтижесінде Семей клубы биылғы маусымдағы Қазақстан чемпионы атанды.