Қазақстандық балуандар Таиландтағы турнирде 2 алтын медаль жеңіп алды

/
Қазақстандық балуандар Таиландтағы турнирде 2 алтын медаль жеңіп алды
Оlympic.kz

Қазір Таиландтың Сирача қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.

Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) және Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) қарсылас шақ келтірмей, алтын тұғырға көтерілді.

Айта кетейік, жарыс 22 қарашаға дейін жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары