12 жастағы қызды топтасып зорлаған күдіктілер сотталды

Оралда бес адамға қатысты топтық зорлау және көлік ұрлау фактілері бойынша сот үкімі шықты

12 жастағы қызды топтасып зорлаған күдіктілер сотталды
istockphoto.com
7625

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі соты көлік ұрлап, 12 жасар қызды зорлады деп айыпталған бес адамға қатысты үкім шығарды.

Сот 2023 жылдың 23 мамырында сотталушылардың бірі «Лада» автокөлігін заңсыз иемденгенін анықтады. Бір аптадан кейін ол Hyundai автокөлігін есігін бұзып, көліктің ішіндегі ақшаны ұрлап, иесіне 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген. 10 маусым күні тағы екі айыпталушы Фольксваген көлігіне кіріп, көлік ішінен ұялы телефоны ұрлап кеткен. Келесі күні айыпталушы топ кәмелетке толмаған қызды зорлаған.

«Сотталушылардың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау, беттестіру хаттамалары, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде кәмелетке толмағандардан жауап алу хаттамаларымен дәлелденді», – деді сот.

Серіктес жаңалықтары