Мерген Ирина Юнусметова әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

/
Мерген Ирина Юнусметова әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Қазақстан құрамасының өкілі Ирина Юнусметова Катардың Доха қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық спортшы жекелей сындағы әйелдер арасында кіші калибрлі тапаншамен 50 метрден оқ атуда үздік үштіктің қатарына енді.

Алтын медальді түркиялық Шеввал Илайда Тархан алса, күміс жүлде Армения спортшысы Эльмира Карапетянға бұйырды.

Айта кетейік, Дохадағы нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты 1-14 қараша аралығында өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар